Нұсқа: 2026-10-3
Негізгі мәтін орыс тілінде. Заңды күші сол мәтінде.
Cookies саясаты
Сайттың жұмысына қажеттілері
Оларсыз сайт жұмыс істемейді, сондықтан келісім қажет емес: браузердегі себет пен тапсырыс жобасы, «Күтемін» белгісі, ерте қолжетімділіктің жеке сілтемесі, таңдалған тіл.
Аналитика және жарнама
Яндекс Метрика мен Google Analytics қандай беттердің пайдалы екенін және сатып алушылардың қайдан келетінін түсінуге көмектеседі. Яндекс Метрика беттердегі әрекеттерді жаза алады (Вебвизор): бетті айналдыру, басулар, курсордың қозғалысы және беттің көрінісі. Сайттағы өрістерге енгізгеніңіз және тапсырыс бетіндегі деректер жазбаға түспейді. Meta Pixel (Instagram және Facebook) және TikTok Pixel жарнама үшін керек: олар арқылы қай жарнама сатып алушыларды әкелетінін көреміз және ORGA жарнамасын сайтта бұрын болған адамдарға көрсете аламыз.
Бұл сервистер өз cookies файлдарын орнатады және ашылған беттердің мекенжайларын, сайттағы әрекеттерді, құрылғы мен браузер деректерін, IP-мекенжайды, конструктордағы өлшемдер мен себеттегі бағаны, тапсырыс нөмірін (ол тапсырыс бетінің мекенжайында бар), ал төлемнен кейін тапсырыс сомасын алады. Аты, телефон, email және жеткізу мекенжайын оларға бермейміз. Деректер осы компаниялардың Қазақстаннан тыс серверлерінде олардың ережелері бойынша өңделеді. Сервистер сіз cookies жолағындағы «Барлығын қабылдау» батырмасын басқаннан кейін ғана қосылады. «Тек қажеттілері» батырмасын бассаңыз, олар қосылмайды. Толығырақ Құпиялылық саясатының 5-бөлімінде.
Өз статистикамыз
Конструктор мен тапсырыс қадамдарына қанша келуші жеткенін өзіміз санаймыз. Келісіміңізсіз тек сізді анықтамайтын санауыштар (қадам, күн, тіл, режим) сақталады, IP-мекенжайсыз және браузер деректерінсіз. «Барлығын қабылдау» басылғаннан кейін басуларды емес, адамдарды санау үшін келудің кездейсоқ нөмірі (orga_sid cookie, 30 күн) қосылады. Онда жеке деректер жоқ және ол тапсырысыңызбен байланыстырылмайды.
Таңдауды қалай өзгертуге болады
Кез келген беттің төменгі жағындағы «Cookies баптаулары» сілтемесін басыңыз: жолақ қайта шығады, таңдауды жаңадан жасай аласыз. «Тек қажеттілері» батырмасын бассаңыз, аналитика және жарнама сервистері бет келесі рет жүктелгенде өшеді.
Сатушы
ИП «ORGA», Сергиенко Александр Юрьевич
ЖСН: 020925551545
Заңды мекенжайы: Республика Казахстан, Карагандинская область, г. Караганда, ул. Охотская, 1/9
ИИК KZ97551M600003245677 (KZT) АО «Фридом Банк Казахстан», БИК KSNVKZKA
Телефон: +77773017771
Email: hello@orga.kz